«Қазақстан Республикасының азаматтары кез келген уақытта елге мемлекеттік шекара арқылы кез келген өткізу пункті арқылы орала алады. Шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келуге шектеулер бар. Бұл шектеулер эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданды», - деді Шекара қызметінің шекаралық бақылау департаментінің өкілі, подполковник Мундаш Муллуашев.
Еске сала кетсек, ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері мемлекеттік шекараны кесіп өту ережелерін түсіндірген болатын.