«Жұмыс сапасын арттыру және 5G-ге көшу үшін ұялы байланысты күшейту мақсатында желіні жаңарту жұмыстары атқарылды. Қазіргі кезде барлық қызметтің жұмысы толық қалпына келтірілді», - деп жауап берді компания баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, биыл 17 шілде күні Kcell компаниясы еліміздің кейбір өңірлерінде ұялы байланыс интернеті бойынша проблема бар екенін растады.
Сонымен қатар 18 шілдеде Activ пен Kcell абоненттері байланыс нашарлағанын айтып, тағы шағымданды.