«Спортшыларымыз мұндай жарыстарға бұрын да қатысқан, алайда біздің құрама мұндай көлемде медальдар алмаған болатын. Бұл тек қана кезең. Біз Дүниежүзілік және Азиялық ойындарға қатысу үшін рейтинг жинап жатырмыз. Екі спортшымыз бүгінде үздік бестік қатарына кірді», - деп мәлімдеді Илья Мирзо.
Оның айтуынша, биыл қыркүйекте құрама Польшада әлем чемпионатына қатысады. Қауымдастық онда тағы да медальдар алудан үмітті. Ол Қазақстанның 2017 жылы Дүниежүзілік ойындарға қатысуына мүмкіндік береді.