«Біз бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша «Атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Кіші бағдарлама өзінің туған ауылының, қаласының көкейкесті мәселелерін шешуге азаматтардың күшін біріктіруге және белсенді араласуға тартуға бағытталған. Оның аясында екі базалық бағыт бар. Біріншісі «Әлеуметтік бастамалар картасы», ал екіншісі «Жомарт жүрек» деп аталады. Базалық бағыттар бойынша 6 республикалық және әзірше 212 өңірлік кіші бағдарлама көзделген», - деді ол.
Вице-министрдің атап өтуінше, ағымдағы жылдың қыркүйек айында тестік режімде интерактивтік платформа жолға қойылған. 2018 жылдан бастап азаматтар осы картаға өздерінің ұсыныстарын онлайн режімде енгізуге мүмкіндік алады.
«Атамекен» бағдарламасы негізінде азаматтардың жергілікті жердегі әлеуметтік мәселелерінің шешілуін жандандырып қана қоймай, мемлекеттік саясатқа сенімі мен өзара іс-қимыл деңгейін арттырады деп үміттенеміз», - Абзал Нүкенов.
Айта кетерлігі, бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтардың бірлесу бостандығы конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі және азаматтық қоғам институттарын дамытудағы қызметін талқылауға арналған кеңейтілген отырыс өтті. Шара барысында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов комиссия құрамындағы өзгерістерді жария етті. Оның атап өтуінше, осы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалған Иоган Меркель комиссия құрамынан шығарылды. Оның орнына ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин келді. Сонымен қатар Еуропалық құқық және адам құқықтары жөніндегі сарапшылық институттың директоры Марат Башимов комиссия мүшесі болды.