Қазақстандықтар Андрей Аршавинмен кезекті рет бәстесті
Жоба қатысушылары Сергей Закора, Семен Махов пен Евгений Шворневтің роликтері қазақ тілін қызықты әрі оңай меңгеруге көмектеседі және Интернетте мыңдаған қаралым жинайды. Бұл жолы олар желі пайдаланушыларынан 33 әріптен тұратын қазақ тіліндегі ең ұзын - «қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзін еш күрмелмей айтып беруді сұрады.
«Құрметті, тіркелушілер, «қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзін айтқандарыңызды түсіріп, #қазақшасөйлейік хэштегімен достарыңызға жіберіңіздер», - дейді олар.
Сондай-ақ жоба мүшелері бұл эстафетаны Андрей Аршавинге беретіндерін айтты. «Егер ол «қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзін айта алса біз өзіміздің тырнақтарымызды аламыз», - деп атап өтті «ОрыStar» қатысушылары.
Еске салайық, Андрей Аршавин бұған дейін қазақстандық блогермен бәстесіп, оны жеңген болатын. Блогер Петр Воликов ресейлік спортшы еліміздің премьер-лигасында қандай да бір нәтиже көрсете алатынына сенімсіздік танытқан болатын. Және Аршавин «Қайрат» сапында 8 гол сала алса, онда өз шашын тақырлап алдыртып тастайтынын айтқан еді.
Ал 6 қазан күні Андрей Аршавин бәстен ұтылған қазақстандық журналистің шашын көпшілік алдында тақырлап алып тастады.
СӘЛЕМ✋ ________________________ Новая эстафета "ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛМАҒАНДЫҚТАРЫҢЫЗДАН". ________________________ Уважаемые подписчики, снимайте свои версии "қанағаттандырылмағандықтарыңыздан" и передавайте своим друзьям с xэштэгом #қазақшасөйлейік ________________________ Если ты еще до сиx пор не знаешь ни одного слова на казаxском, то эта эстафета для тебя. Бәріміз қазақша сөйлейік! ________________________ Отмечайте на каждом своем видео профиль еще одного ОрыStar'a @arshavin_official и тогда мы подстригем себе или подстрижем ... в общем что-нибудь точно подстригем или подстрижем! ________________________ С любовью, ОрыStar 👌🏽👌🏽👌🏽 ________________________ @daut.shaikhislamov @naarah_s @ibragimovserik @dana_ryskeldinova @rollanuly ________________________ #қазақшасөйлейік #казакшасойлейик
Видео опубликовано ОрыStar show (@orystar_show) Ноя 3 2016 в 4:08 PDT