Мәселен, есепті кезеңде нозологияның 35 түрі бойынша ауру-сырқаудың азайғаны тіркелді. Сонымен қатар, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сальмонеллез ауыруының 21 %-ға, жұқпалы ішек ауруымен ауырудың - 15,6%-ға, асқынған ішек ауруларымен ауырудың - 18%-ға, сары ауруымен ауырудың 6,7%-ға азайғаны анықталып отыр.
«Бұдан бөлек, көкжөтелмен ауыру (3 есеге), кене энцефалитімен ауыру (3 тіркелген жағдайға төмен), Конго-Қырым қанды безгегімен ауыру (10 тіркелген жағдайға төмен), жедел вирусты гепатитімен ауыру (35 %-ға), тыныс жолы мүшелерінің туберкулезімен ауыру (8,2%-ға), қышымамен ауыру (13%-ға) әлдеқайда азайған. Осы уақыт аралығында тырысқақ, оба, туляремия, топалаң, ішсүзек, қылау, жұқпалы тамақ ауру, безгек, трихинеллез және полиомиелит ауруларына шалдығу жағдайлары тіркелмеген», - деді Ж. Бекшин.