Қазақстандықтар Арменияда өткен «Достастық сарбазы» халықаралық конкурсында бірінші орын алды

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштерінің командасы «Достастық жауынгері» әскери-кәсіби шеберлігінің халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді. Сайыс IV Армиялық халықаралық ойындар аясында 28 шілде мен 3 тамыз аралығында Арменияда өтті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Достастық жауынгері» байқауына Армения, Беларусь, Грекия, Иран, Қазақстан мен Ресей Қарулы күштерінң командалары қатысты. Қатысушы мемлекеттердің командалары «Атлет» ойындарында, «Кәсіпқой» әскери-арнайы ойындарда, «Снайпер» атыс даярлығында, «Отағасы мен бәйбіше» әдеби-көркем және ән-би байқауында, сондай-ақ, «Білімдар» әскери тарихтан білімдерін анықтау байқауында көш бастады.

Сайыс қорытындылары бойынша, Қазақстанның Қарулы күштері командалық есепте жеңіске жетті. Екінші орынға Беларульс, үшінші орынға Арменияның Қарулы күштері жайғасты.

«Маған сіздердің командаларыңызды марапаттап тұрғаным қос қуаныш әкеледі, себебі менің туған жерім - Қазақстан», - деді  Арменияның Қорғаныс министрі Давид Тоноян.

«Достастық Жауынгері» құрметті атағына Қазақстан Қарулы күштері командасының қатысушысы Сейіткәрім Нұрсейітқожа ие болды. Жеңімпаз барлық сайыстар бойынша ең көп ұпай жинаған. Екінші орынды Қазақстан Қарулы күштері командасының қатысушысы кіші сержант Ертілек Байболатов жеңіп алды. Армения Қарулы күштері командасының қатысушысы Айк Акобян үздіктер үштігін түйіндеді.

Әйелдер арасында Армения Қорғаныс министрлігінің В. Саркисян атындағы әскери училищесінің курсанты Армени Григорян үздік атанды. Екінші орынды ҚР Қарулы күштерінің сержанты Жанаргүл Ақбаланова жеңіп алды. Үшінші орынды Ресей өкілі, сержан Лилия Даутова қанағат тұтты.

ҚР Қарулы Күштерінің өкілі Ертілек Бекболатов «Атлет» байқауының жеңімпазы атанса, Асхад Байдәулетов «Снайпер» байқауында жеңіп шықты. Сейіткәрім Нұрсейітқожа «Отағасы» кезеңінде көш бастады. Жанаргүл Ақбаланова мен Сейіткәрім Нұрсейітқожа «Кәсіпқой» кезеңінің жеңімпаздары атанды.