«3 наурыздан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі« АҚ базасында коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауға бағытталған Ахуалдық орталық жоспарлы түрде жұмыс істей бастады. Орталықта Қазақстанға тұрақты және тұрақты емес әуе қатынастары бар елдерде инфекция жұқтырған адамдардың статистикасына бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ жолаушылар әуе билеттерді қайтару мәселесі бойынша кеңес алу үшін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі« АҚ-ның 8 (7172) 64 58 41 нөмірі бойынша жедел желі телефонына хабарласа алады. Жұмыс күндері (5/2) сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін қызмет етеді». – делінген таратылған мәліметте.
10:58, 04 Наурыз 2020
Қазақстандықтар әуе билеттерін өткізу бойынша қайда жүгіне алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар коронавирус анықталған елдерге сатып алған әуе билеттерін қайтару бойынша жедел желіге хабарласа алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетіне сілтеме жасап.