Қазақстандықтар айына 160 млрд. теңге заңдастыруда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар айына 160 млрд. теңге заңдастыруда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Тек мамыр айында ғана банк есепшоттарына 300 млрд. теңгеден астам қаржы салдынды. Ақша аударымдарының орташа айлық деңгейі жыл басынан бері 160 млрд. теңгеге жетті», -  деді ол.

Сонымен қатар Б.Сұлтанов 10 пайыз алымын төлеу арқылы банк есепшотына ақшасын енгізбей-ақ заңдастыруды 24 адам пайдаланған. Олардың заңдастырған қаржысы  шамамен 1 млрд. теңгеге жуықтайды.

Жылжымайтын мүлікті заңдастыруға тоқталған Б.Сұлтанов бір ай ішінде әкімдіктерге жалпы сомасы 32 млрд. теңгеге жуықтайтын 3156 өтінім келіп түскен. Бір айдың ішінде 20 млрд. теңгеге жуық соманың 2172 өтініші заңдастырылған.

«Заңның жаңа ережелерімен жұмыс істеген жарты жылдың ішінде өңір әкімдіктерімен 315 млрд. теңгенің мүлік заңдастырылды», -  деді ол.