Құрлықтық жарысқа отыз елден үш жүз спортшы қатысып жатыр. Командалық жарыста Илья Федин, Алексей Клейменов және Юрий Юрков күміс медаль алды. Қытай спортшылары бұл сайыста чемпион атанды.
Сонымен қатар ерлер арасындағы 10 метрден пневматикалық винтовкадан ату жарысында Илья Федин іріктеуден сүрінбей өтіп финалға жолдама алды.