Қазақстандықтар Азия параойындарында жүлделер санын еселей түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 17-ші Азия параойындарының жабылуы өтеді. Еліміздің паралимпиадашылар құрамасы мүшелерінің бірі, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар санатына жататын астаналық спортшы Михаил Еременконың хабарлауынша, төрт күннің қорытындысы бойынша отандық команда оныншы орынға тұрақтаған.

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар 6 алтын, 6 күміс және 8 қола медальға қол жеткізді. Бұл Гуанчжоуда өткен Азия ойындарына қарағанда жүлделердің жалпы санын бойынша үш есеге артық. Биылғы жарыс қазақстандық жүзушілер үшін табысты болды. Өкінішке орай, спортшылар қалған сегіз спорт түрінен (садақ ату, атлетика, дзюдо, пауэрлифтинг, оқ ату, үстел теннисі, отырып волейбол ойнау, арбамен билеу) өздерінің бәсекелестерінен оза алмады. Айта кетейік, Қазақстанның құрама командасының сапында 84 мүмкіндігі шектеулі спортшы, оның ішінде 11 астаналықтар, Азия параойындарына аттанды. Соның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған паралимпиадашылар, көзі нашар көретіндер мен зағип жандар бар.