Министрлік келтірген ақпаратқа сәйкес, Қазақстаннан халықаралық әуе рейстер 19 бағыт бойынша 12 елге ұшады. Жиілігі-аптасына 55 рейс.
Айрықша жиі бағыттар:
- БАӘ (16 жиілік);
- Түркия (10 жиілік);
- Өзбекстан (6 жиілік);
- Беларусь (4 жиілік),
- Германия (4 жиілік),
- Мальдив (4 жиілік),
- Оңтүстік Корея (2 жиілік),
- Нидерланды (2 жиілік),
- Мысыр (2 жиілік),
- Қырғызстан (2 жиілік),
- Ресей (2 жиілік),
- Украина (1 жиілік).
Еске сала кетсек өткен айда Қазақстан Түркияға әуе рейсін екі есе қысқартып, Өзбекстанмен әуе қатынасын жандандырған болатын.