Қазақстандықтар баспана аларда 40% дейін үнемдей алады - зерттеу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар үшін 2020 жылы пайдалануға берілетін көпқабатты тұрғын үйлерден пәтер алу Алматыда 42,3 процентке, ал Астанада - 16,3 процентке төмен болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Зерттеуде аталып өтілгендей, жаңа салынған үйлерге қарағанда, салынып жатқан үйлердегі пәтерлердің қолжетімділігі жоғары. Мысалы, Flatfy.kz онлайн-сервисінің дерегіне сәйкес, Алматыда 2020 жылы пайдалануға берілетін пәтердің бір шаршы метрінің құны 2017 жылғы пәтерден 42,3 процентке арзан болады. 2019 жылы қолданысқа берілетін пәтерлер 13,2 процентке, ал 2018 жылы - 11,2 процентке арзан.

Астанада дәл осылай болмақ. Мұнда 2017 жылғы үйге қарағанда келесі жылы салынып бітетін үйден баспана алу 4,3 процентке, ал бір жылдан кейін салынатын үйдің бағасы 16,3 процентке тиімдірек болады.

Бұл ретте, жаңа салынған үйлерде пәтер құны өсіп жатыр: бір жылда 5,2 процентке қымбаттаған. Қазақстан бойынша жаңа көппәтерлі үйден баспана алу бағасы орта есеппен бір шаршы метрге 263,1 мың теңгені құрайды.

Астанада сәуір айының қорытындысы бойынша орта есеппен пәтердің бір шаршы метрі 332,7 мың теңгеге дейін жоғарылаған - бір жылда 5,7 процентке өскен. Оңтүстік астанада керісінше бір жылда 4,6 процентке төмендеп, бір шаршы метрі 325,6 мың теңгені құраған.

2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанда 72,9 мың сату-сатып алу мәмілесі жасалған. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 4,5 процентке көп.


Фото: cont.ws