ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ақпаратынша, жарыс ағымдағы жылдың 20 қазанында басталып, 25 қазанда аяқталады.
Біріншілік аясында сондай-ақ ересектер арасында Азия кубогы өтіп жатыр.
Қазақстандық спортшылар бүгінде үш медальға қол жеткізген.
Байдарка мен каноэ есуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында 1000 метр қашықтыққа есуде қазақстандық спортшы Александр Медведев екінші орын алған. Ал жасөспірімдер арасында бұл қашықтықта спортшымыз Кирилл Тубаев үздік атанды.
Каноэде 1000 м қашықтыққа есуде қазақстандық Алтынбек Қожахметов жеңімпаз атанған.
16:55, 22 Қазан 2018
Қазақстандықтар байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар Өзбекстаннің Самарқанд қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында байдарка мен каноэ есуден үш медальді жеңіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.