Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевтің сөзінен және балалар қойған концерттен кейін қазақстандықтар гүлдер және 25 түп ағаш отырғызды. Ағаштар осы шара үшін арнайы Сиань қаласынан жеткізілген. Бұл шараға балалар да қолғабыс етті.
«Бүгін біз «Болашақтың бағын» отырғыздық. Біз қалай десек те балалар біздің болашағымыз. Олар - өмірдің көркі. Болашаққа көз сала отырып біз бүгін Елшілік маңына «уақыт капсуласын» салдық. Онда өскелең ұрпаққа деген біздің өсиетіміз бар»,-деді «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне шараны ұйымдастырушылардың бірі Сәуле Нұрғалиева.
Ағаш отырғызу шарасынан соң балаларға арнайы дастархан жайылып, олар бүгінгі шараға Бейжіңдегі әйелдер кеңесінің өкілдері дайындаған астардан дәм татты.