Жерлестеріміз мас-рестлингтен 1 күміс медаль - Дарья Нестерова (85 кг), сондай-ақ 4 қола медаль: Медет Есбулаев (60 кг), Темірлан Шамет (70 кг), Вячеслав Старков (105 кг), Александр Краснов (125 кг) алды.
Арқан тартысқан спортшылар мен бүркітші Серікбек Күнтуғанұлы да Қазақстан қоржынына бір-бірден қола медаль салды.
Айта кетейік, қазақ күресінен екі спортшымыз - Әбілқайыр Мәуленин (70 килограмға дейін) және Ерсұлтан Мұзафаров (90 килограмға дейін) финал жолдамасын жеңіп алды. Ал абсолюттік салмақ санатында күресетін Нұрдәулет Жарылғапов бүгін үшінші орын үшін күш сынасады.