«Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан мәлім еткендей, мұндай шара төлқұжат-визалық режімнің бұзылуын болдырмау, шекараларда түсініспеушілік жағдайларға жол бермеу сондай-ақ, мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде жолаушылардың нақты санын білу мақсатында енгізілді.
5 жасқа дейінгі баланың ақысыз (тегін) билеттері туу туралы кәулігін ұсыну арқылы ресімделеді. Аталмыш жасқа дейінгі балаларға ақысыз билеттерді ресімдеу ТМД, Грузия, Латвия, Литва және Эстония мемлекеттерінің теміржол әкімшілері арасында жасалған Халықаралық жолаушылар бағыттары туралы келісімге сәйкес жүргізіледі.
Жолаушылар тасымалы компаниясынан анықтағандай, Қазақстан Республикасының аумағында 7 жасқа дейінгі балаларға ақысыз теміржол билеттері ресімделмейді.