Қазақстандықтар даму жолын таңдауда қателескен жоқ - Орал Мұхамеджанов

; АЛМАТЫ. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап құқықтық және демократиялық мемлекет пен еркін экономика құруға бағытталды. Бұл ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан Республиксасы: мемлекеттік құрылыстың тәжірибесі және әлеуметтік-саяси жаңарудың болашағы» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтауында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс төрағасының хатын Халықаралық істер және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, саясаттану ғылымының докторы Ержан Исақұлов оқып берді. Орал Мұхамеджановтың айтуынша, мемлекеттік басқару жүйесін таңдауда қазақстандықтардың қателеспегенін тарих дәлелдеп берді. Қысқа тарихи уақыттың ішінде біз экономикалық жағынан қуатты және қарқынды дамушы мемлекет құруға қол жеткізе алдық.

«Ұлт пен ұлыстар және діндер арасындағы келісім ішкі саясаттың өзегіне айналды. Жаңа мемлекеттік басқарудың сәулетін құруға Президенттік Республика үлгісі пайданылды. Қазақстанның барлық жетістігі елдің Тұңғыш Президентінің есімімен тікелей байлансты», дейді Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов. Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы жетекшісінің пайымдауынша, ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қоғамдастықта танымал елге айналды. Сондай-ақ ЕҚЫҰ сияқты беделді ұйымға төрағалық жасауда.