Қазақстандық үш спортшы үшін бұл чемпионат сәтті болды.
Дархан Кәкенов ересектер арасында джиу-джитсудан Германия чемпионы белдігін (қызылкүрең) жеңіп алып, Masters (30-39 жас) бөлімінде грепплингтен Германия чемпионы атанды.
Айдар Махметов өзінің спорттық мансабында екі жыл қатарынан және үшінші рет (2001, 2017-2018) джиу-джитсудан Германия чемпионы белдігін иеленді. Ол Masters Experts бөлімінде өнер көрсетіп, Германия мен Испанияның намысын қорғаған қарсыластарына мүмкіндік бермеді.