Қазақстандықтар Елбасына сенетіндіктерін сайлау арқылы тағы да дәлелдеді - Н. Каюпова

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстандықтар ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында «Нұр Отан» партиясына дауыс бере отырып, Елбасына сенетіндіктерін тағы да дәлелдеді. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Республикалық әйелдер жөніндегі кеңестің төрайымы Нина Каюпова мәлім етті.

«ҚР Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевты «Нұр Отан» партиясының айқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстандықтар Елбасына сенетіндіктерін, оның саяси шешімдерін қолдайтындықтарын сайлау арқылы тағы да дәлелдеді. Бұл саяси шешімдер елді тұрақты дамытуға бағытталған. Отандастарымыз Қазақстанның мықты тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуын Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен байланыстырады. Қоғамда әлеуметтік тұрақтылық пен бейбітшілік орнағаны - Президенттің ең басты саяси жақсылықтарының бірі деп білем. Бүгінде әрбір қазақстандық отбасы болашаққа сеніммен қарайды, ұлттық салт-дәстүрлерді жоғары бағалайды.

«Ұлт жоспары» - 100 нақты қадамда өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және ұрпақ сабақтастығы жақсы көрініс тапқан. Менің дәрігер ретінде айтарым, Елбасының барлық Жолдауларынан кез-келген қиындықты еңсере алатын саламатты да білімді ұлтты қалыптастыруға бағытталған идеологияны байқаймын. Сондықтан, біз - қазақстандық әйелдер, Елбасының қашанда қолдаушылары болып қала береміз», - деді Н. Каюпова.