Қазақстандықтар ең көп хат жолдайтын елдер анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазпошта» Акционерлік қоғамы «ҚазАқпарат» ХАА жолдаған ресми сауалға жауап бере отырып, қазақстандықтар ең көп хат жазатын ТОП-10 елді атады.

Ресми мәліметке сүйенсек, қазақстандықтар 2016 жылы ең көп хатты Ресейге жолдаған - 541 мың. Екінші орында Қытай тұр, бұл елге отандастарымыз 102 мың хат жөнелткен. Ал Сингапурға былтыр 90 мың хат жіберілген. Қазақстанның ірі инвесторы Нидерландыға салыстырмалы түрде айтқанда өте аз, яғни, 40 мың хат жолданыпты.

Гонконгқа 16 мың хат барса, Германияға - 10 мың, Украинаға - 10 мың, Англияға - 5 мың, Беларусь еліне 4 мың хат жазылған.