Қазақстандықтар Ереванда өткен ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы жастардың VI ашық Дельфий ойындарынан 6 медаль жеңіп алды
12:00, 01 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Қазақстанның жас әртістер делегациясы ТМД-ға қатысушы елдер арасында өткен жастардың VI ашық Дельфий ойындарында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді,
деп хабарлайды Ұлттық дельфий комитетінің өкілдері.
Биылғы жылы Армения астанасында өткен ойындар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған.
Ереванда өткен ойындарда Қазақстан намысын қорғаған біздің делегация құрамында 8 номинация бойынша өнер көрсеткен 19 жас әртіс бар.
Ойындардың қорытындысы бойынша біздің ұлттық құрама жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 8 номинацияның ішінен 6 бала медальға ие болса, 2 қатысушы құрмет дипломдарын алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай жоғары көрсеткішке қазақстандық делегация ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы жастардың VI ашық Дельфий ойындары тарихында алғаш рет қол жеткізіп отыр.