«Хабар» арнасы Стокгольмде өтетін айтулы мәдени шараның онлайн трансляциясын қайта жаңғыртпақ. Көрермендер байқаудың 2 жартылай финалы (мамырдың 10-нан 11-іне, 12-13-не қараған түні) мен финалына (14-інен - 15-іне қараған түні) куә болатын болды.
Айта кету керек, биыл байқау 60-шы рет өткізіліп отыр. Мерейтойлық шараны 180 млн көрермен тамашалайды деген болжам бар.
Биыл 43 әнші бағын сынайды.
«Биыл қаңтарда біз Еуропа тарату одағына мүше болып қабылдандық. Сондықтан, біз ретрансляциялау құқығын алып отырмыз. Қазақстандық көрермендер де айтулы ән додасын асыға күтіп жүргенін білеміз», - деді «Хабар» бағдарламалық директоры Сандуғаш Рахымжанова.