Оңтүстік Америка құрамалары арасындағы турнир 13 маусым мен 11 шілде аралығында Бразилияда өтеді.
Турнирдің барлық матчтарын қазақстандық жанкүйерлер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.
Бастапқыда, Копа Америка-2021 Аргентина мен Колумбия алаңдарында өтуі тиіс болатын.
Бірақ турнирдің басталуына екі апта қалғанда Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы коронавирусқа байланысты жарысты Бразилияға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Сырттан шақыртылған екі құрама – Австралия мен Катар жарыстан бас тартқаннан кейін, Америка Кубогына 10 команда қатысатын болды. Олар екі топқа бөлінген. Ширек-финалға әр топтан төрт командадан шығады.
Соңғы Копа Американының жеңімпазы - Бразилия құрамасы.
A тобы: Аргентина, Боливия, Уругвай, Чили, Парагвай
B тобы: Колумбия, Бразилия, Венесуэла, Эквадор, Перу
13 маусым, 02:50 – Аргентина – Чили, «Qazsport»
14 маусым, 05:50 - Парагвай – Боливия, «Qazaqstan»
15 маусым, 04:50 - Бразилия – Венесуэла, «Qazaqstan»
15 маусым, 07:50 – Колумбия – Эквадор, «Qazsport»
17 маусым, 02:50 – Чили – Боливия, Live «Qazsport»
18 маусым, 05:50 – Аргентина – Уругвай, «Qazaqstan»
19 маусым, 04:50 – Колумбия – Венесуэла, «Qazsport»
19 маусым, 07:50 – Перу – Бразилия, «Qazaqstan»
20 маусым, 01:50 – Уругвай – Чили, «Qazsport»
21 маусым, 04:50 – Аргентина – Парагвай, «Qazaqstan»
22 маусым, 03:50 – Венесуэла – Эквадор, «Qazsport»
22 маусым, 06:50 – Колумбия – Перу, «Qazaqstan»
23 маусым, 02:50 – Боливия – Уругвай, «Qazsport»
24 маусым, 05:50 – Чили – Парагвай, «Qazaqstan»
25 маусым, 03:50 – Эквадор – Перу, «Qazsport»
25 маусым, 06:50 - Колумбия – Бразилия, «Qazaqstan»
27 маусым, 02:50 – Аргентина – Боливия, «Qazaqstan»
27 маусым, 02:50 – Уругвай – Парагвай, «Qazsport»
29 маусым, 06:50 – Эквадор – Бразилия, «Qazaqstan»
29 маусым, 06:50 – Венесуэла – Перу, «Qazsport»
2 шілде, 02:50 – 1/4 финал, «Qazsport»
3 шілде, 05:50 - 1/4 финал, «Qazaqstan»
4 шілде, 03:50 - 1/4 финал, «Qazsport»
4 шілде, 06:50 - 1/4 финал, «Qazaqstan»
6 шілде, 04:50 – 1/2 финал, «Qazaqstan» және «Qazsport»
7 шілде, 06:50 – 1/2 финал, «Qazaqstan» және «Qazsport»
10 шілде, 05:50 – Үшінші орын үшін матч, «Qazaqstan» және «Qazsport»
11 шілде, 05:50 – Финал, «Qazaqstan» және «Qazsport»