Қазақстандықтар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сене ме - мониторинг
«Әлеуметтік мониторинг нәтижесі көрсеткендей, сауалнамаға қатысқандардың 69,9 пайызы мемлекет халық үніне құлақ асады деген. Яғни «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының жұмыс істейтіндігін айтып отыр. Ал 33 пайызы керісінше, мемлекет халыққа құлақ аспайды деген пікірде. Бұл дегеніміз аталған қағиданың кейбір аймақтарда әлі де болса толыққанды жүзеге аспай отырғанын көрсетеді. Өткен жылдың маусым айындағы деректермен салыстырғанда, осы көзқарасты ұстанатын респонденттердің үлесі азайған. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатына» қатысты оң бағаны көбінесе ауыл тұрғындары мен табысы жоғары азаматтар беріп отыр», - деді Алуа Жолдыбалина.
Сондай-ақ институт басшысының орынбасары алдағы уақытта әлеуметтік мониторинг тағы жүргізілетінін айтты.
«Қала тұрғындарына келсек, сауалнамаға қатысқан азаматтардың дені жоғарыдағы айтылған қағиданың жұмысына теріс баға берді. Олардың жасы 46-дан асқан, ал табыс деңгейі төмен немесе орташа төмен. Көбінесе Атырау облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласының тұрғындары мемлекет халық үніне құлақ аса қоймайды деп болжауда», - дейді ол.
Бұған дейін хабардан еткеніміздей, қазақстандықтардың өз әлеуметтік жағдайына қаншалықты қанағаттанатындығына қатысты мониторинг жасалды.