Қазақстандықтар «Халықтың сүйіктісін» таңдап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің қорытынды кезеңі басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алғашқы кезеңде Фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушылары мен қазылар алқасы өз сүйіктілерін 15 аталым бойынша таңдаған болатын. Дауыс беру қорытындысына сәйкес, әр санаттан төрт үміткер іріктелініп алынды.

Биыл жетінші мәрте өткізіліп отырған ұлттық жүлде финалистеріне lubimec.kz сайтында дауыс беруге болады.

Дауыс беру кезеңі 7 желтоқсанға дейін созылады. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 13 қаңтарға жоспарланған.

«Үздік ұстаз» жүлдесі:

Шер Раиса, ҚР БҒМ республикалық оқыту-әдістемелік орталығының директоры;

Арқабаева Ұмсын, Астанадағы оқушылар Сарайының директоры;

Рая Келесқызы, Астанадағы №54 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Түймеш Дәрішева, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры.


«Үздік дәрігер» жүлдесі:

Шынар Талаева, Аламаты қаласында хирург-маммолог, ҚР маммологтары мен радиологтары басқармасының төрағасы;

Юрий Пя, медицина ғылымдарының докторы, Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы басқармасының төрағасы,

Ержан Шаяхметов, Астаналық хирург, медицина қызметінің полковнигі;

Талапбек Әженов, ҚР Президенті Іс Басқармасы ауруханасындағы хирургия бөлімінің меңгерушісі;

«Үздік спортшы» жүлдесі:

Елдос Сметов, дзюдошы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері;

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы;

Василий Левит, боксшы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері;

Айтым Жақыпов, ҚР бойынша StreetWorkout  жаттықтырушысы;

«Үздік спортшы ару» жүлдесі:


Зарина Дияс, теннисші,  WTA турнирінің жеке разрядтағы жеңімпазы;

 Элизабет Тұрсынбаева, мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, 2017 жылғы қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері;

Фируза Шәріпова, кәсіпқой боксшы, бокстан әлем чемпионы;

Ольга Рыпакова, жеңілатлет, Олимпиада чемпионы;

«Үздік парламентарий» жүлдесі:

Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;
Зағипа Балиева, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;
Майра Айсина, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;
Ирина Смирнова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.

«Үздік тележүргізуші» жүлдесі:

Дана Нұржігіт, «Қазақстан» телеарнасы;
Оксана Петерс, «Астана» телеарнасы;
Ринат Кертаев, «Хабар» телеарнасы;
Алексей Шахматов, «КТК» телеарнасы.

«Үздік публицист» жүлдесі:
Айдос Сарым, саясатанушы;
Рахым Ошақбаев, экономист;
Зарема Шәукенова, әлеуметтанушы;
Вадим Борейко, журналист.

«Үздік кино қайраткері» жүлдесі:

Асел Сәдуақасова, продюсер, актриса;
Жан Байжанбаев, кино актер ;
Ақан Сатаев, режиссер;
Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса.

«Үздік ақпарат порталы» жүлдесі:

Zakon.кz;
Tengrinews.кz;
Informburo.кz;
Today.кz.

«Блогосфера көшбасшысы» жүлдесі:

Джохар Утебеков;
Дина Елгезек;
Айгүл Орынбек;
Аида Жексен;

«Үздік фермер»: жүлдесі:

Ерлан Әшім, «Нәтиже» сүт фабрикасы, Қарағанды облысы;

Аманбай Ерхатов, Арал балық өңдеу зауытының басшысы.

Еркебұлан Мәмбетов, «Мамбетов и К» коммандиттік серіктестігінің бас директоры;

Андрей Стрелец, экологиялық егін шаруашылығымен айналысатын «Стрелец» компаниясының негізін қалаушы;

 
«Үздік бизнесмен» жүлдесі: 

Гаухар Өтелбаева, «Jeff Tailor» тігін үйінің иесі;

Қайрат Құдайберген, танымал бизнесмен;

Хайролла Қожабаев, Кентау трансформатор зауытының басқарма төрағасы;

Қуаныш Шонбай, «Rumi» мейрамханалар желісінің басқарушы серіктесі;


Номинация «Үздік  fashion майталманы»:

Сәуле Қайсар, халықаралық көрсетілімдердің ұйымдастырушысы;

Әсем Алтынбекова, «Bibisara» брендінің дизайнері;

Найль Байкучуков, модельер;
Лилия Рах, fashion продюсер, стилист-байер.

«Үздік қоғам қайраткері» жүлдесі:

Базарбек Бақытжан, «Bazarbek&Partners» ЖШС заңгерлік компаниясының директоры;

Бақыт Сапаров, «Нұр Отан» партиясының Астанадағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

Гулмира Әбдрашева,  «Клуб добряков» ұйымының негізін қалаушы;

Сәдібек Түгел, «Ұлы Дала қырандары» ұлттық қозғалысының төрағасы, академик.

«Жылдың үздік вайнерлері» жүлдесі:

Нагимуша;
TerryTima;
Yuframe;
Sekavines.