Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы Азия ойындарына қазақстандықтар он төрт спорт түрі бойынша қатысты. 23 қыркүйектегі қатысу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 18 медаль: 4 алтын, 4 күміс және 10 қола жүлде ұтты. «Алтынды» иеленгендер: Маргарита Елисеева (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), траптан әйелдер құрамасы, Дмитрий Баландин (жүзу). «Күміс» жүлдеге ие болғандар: Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика), Максим Раков, ерлер құрамасы (дзюдо), Екатерина Руденко (жүзу). «Қола»: Александра және Екатерина Немич, әйелдер құрамасы (синхронды жүзу), Андрей Могилевский (стендтік ату), Ленария Мингазова, Азамат Мұқанов, Мариян Урдабаева (барлығы - дзюдо), қылыштасудан әйелдер құрамасы, шпагадан ерлер құрамасы (екеуі де семсерлесу), әйелдер құрамасы (теннис), Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (ушу). Медальдар жиынтығы бойынша Қазақстан Қытай, Оңтүстік Корея мен Жапониядан кейін төртінші орынды алады.
21:13, 23 Қыркүйек 2014
Қазақстандықтар Инчхондағы Азия ойындарында 18 медаль олжалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың 23 қыркүйектегі Азиадаға қатысу қорытындысын Sports.kz жасады.