Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 359,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 46,8 пайызға өсіп, 44 077-ге жетті.
Өткен жылы Қазақстанда шығарылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (15,1 мың көлік), Hyundai (14,9 мың), KIA (3,7 мың), Ravon (2,9 мың) және Skoda (1,1 мың) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (1 мың), Chevrolet (0,7 мың) пен UAZ (0,5 мың) бар екенін атап өткен жөн.
Былтыр 5 315 автомобильді жеңілдікті автонесиелеу мембағдарламасына қатысқандар сатып алды.