Қазақстандықтар қандай мемлекеттерде қылмыстық жазасын өтеп жатыр
ҚР СІМ мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан азаматтары Ресей, Германия, БАӘ, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Израиль, Түркия, Польша, Франция, Швеция, Италия, Грекия елдерінде түрлі мерзіммен абақтыға жабылған. Негізінен қазақстандықтар ұрлық, бұзақылық, қарақшылық, контрабанда, жезөкшелік, алаяқтық, есірткі саудасы, адам өлтіру секілді пайда табу-күштеу бағытындағы жалпықылмыстық әрекеттер үшін сотталған.
Олар туралы толық мәлімет пен шетелдегі тұтқындар саны және Отанына экстрадацияланған ҚР азаматтары туралы ақпарат Бас прокуратура мен Құқықтық статистика комитетінің құзырына кіреді. «Өз кезегінде ҚР СІМ отандастарымызға ең жоғарғы жаза (өлім жазасы) мен бас бостандығынан айыру үкімі берілмеуі үшін халықаралық құқық аясында барлық шараларды жасайды», - деп атап өтті ҚР СІМ.