T-Mobile Arena-да өтетін шоуды DAZN стримингтік сервисі тікелей эфирден көрсетеді. Латын Америкасы аумағында тікелей трансляцияны Space телеарнасы, Ұлыбританияда - Sky Sports, Мексикада - Azteka TV жүргізеді. Қазақстандық телеарналар бұл айқасты көрсетпейді. Тікелей эфирдің ақпараттары Sports.kz сайтында кейінірек жарияланады.
Еске салайық, Альварес пен Джейкобс кезінде барлық титулды еншілеген қазақстандық Геннадий Головкиннің қарсыластары болған.