Қазақстандық бокс жанкүйерлері жекпе-жекті «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирден көре алады. «Qazsport», «Qazaqstan» телеарналары осы бокс кешінің андеркардында қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың (12-0, 8 КО) да кезекті жекпе-жегін көрсетеді. Ол орта салмақта мексикалық Кристиан Оливаспен (16-5, 13 КО) WBC (USNBC) белдігі үшін айқасады. Бұл туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Көрсетілім елорда уақытымен 06:25-те басталады.