Қазақстандықтар қанша жасында некеге тұрады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі «ҚазАқпарат» ХАА ресми сауалына берген жауабында Қазақстанда ер адамдар мен әйелдердің қанша жаста некелесетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда қыздар 20-24 жас аралығында тұрмысқа шығады. 2016 жылы осы жас шамасындағы 60 мың қыз тұрмысқа шыққан.

Ер адамдар арасында 23-27 жас белсенді жас болып есептеліп тұр. 2016 жылы осы жас аралығындағы 56 мың жігіт отбасын құрған.