Қазақстандықтар қараша айынан бастап «Алматы-Гоа» жаңа әуе бағыты бойынша ұша алады
деп хабарлады сәрсенбі күні «Бәйтерек» медиа-орталығы. Бұған дейін Қазақстаннан бұл бағытқа тікелей рейстің болмағанын айта кету керек.
Ұшақтар үндінің Гоа штатына 10 күн сайын ұшады. Боинг-737 ұшағының сапары 4,5 сағатты құрайды. Әуетасымалдаушы - отандық «SCAT» компаниясы.
«Үндістан біздің еліміздің әлеуетті стратегиялық серіктесі болып табылады, екі елдің арасында мұнай-газ, ақпараттық технологиялар, әскери ынтымақтастық, туризмді дамыту салалары бойынша өзара іс-қимыл туралы келісім бар. Міне осы ынтымақтастықтың нәтижесінде тікелей әуе рейсі ашылып отыр, делінген медиа-орталықтың хабарламасында.
Гоа - Үнді мұхитының батыс жағалауында орналасқан, Бомбейден 400 шақырым жердегі үнділік провинция