Биыл 1 шілдедегі ақпаратқа сай, елімізде қатерлі ісік диагнозымен 210 198 науқас динамикалық бақылауда тұр
, - делінген ведомство жауабында.
Сондай-ақ онкологиялық сырқаттың қандай түрімен есепте тұрғандар көп екені мәлім етілді.
Онкологиялық сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі тұр. Олардың үлесі 2021 жылы жалпы ауырғандардың – 15,4 пайызына, 2022 жылы 14,7 пайызына тең болды. Одан кейін өкпенің қатерлі ісігі: 2021 жылы – 11,1%, 2022 жылы – 11,2%. Үшінші колоректалды обыр: 2021 жылы – 10,1%, 2022 жылы – 10,4%, ал асқазан қатерлі ісігі 2021 жылы – 7,9%, 2022 жылы 8,3% болды. Жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша ауырғандардың үлесі 2021 жылы – 5,54%, 2022 жылы – 5,51%
, - деп жауап берген Азамат Дүйсенов тілші сауалына орай.