Қазақстандықтар қай елдерде демалғанды ұнатады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар жазда қай елдерде демалғанды ұнатады. ҚазАқпарат тілшісі туристік компанияларға хабарласып, демалыс кезінде қазақстандықтар қай бағыттарға тапсырыс беретінін анықтады.

«Hot Tour» туристікагенттігінің мамандары биыл Түркия, Мысыр және ҚХР-дың Хайнань провинциясындадемалуға баратын қазақстандықтардың саны артқанын айтты.

«Сондай-ақ, уақытшавизасыз баруға болатын Әзербайжан, Беларусь, Оңтүстік Корея елдеріне саяхатжасаушылар да аз емес», - деп пікір білдірді агенттік қызметкерлері.

Өткен жылы елтұрғындарының басым бөлігі БАӘ және Тайланд елдерін таңдаған болатын. Алайдыбиыл бұл елдерге барғысы келетіндер саны азайған.

«Бүгінде бұлтуристік мекендерде табиғи апаттардың жиі орын алғандығынан және теңгенің долларғашаққандағы бағамы қымбатқа түскендіктен тұрғындар бағасы қолжетімді елдергеаттануда», - деді «Поехали с нами» демалыс ұйымдастыру агенттігінің мамандары.Олардың айтуынша, аталған мемлекеттерге сұраныс күрт төмендеген.

Ал «Aydana Tour»компаниясының мәліметтері бойынша, биыл жыл сайын жоғары сұраныста болатынГрузия мемлекетіне барушылар саны кеміген. Бұған сол елде болған жалпыхалықтықтолқулар себеп.

«Грузияға алдын-алатуристік жолдама алған қазақстандықтар геосаяси тұрақсыздыққа байланысты,сапардан бас тартып, көпшілгі отандық туризмді таңдап жатыр», - деп мәлімдемежасады «Aydana Tour» туристік агенттігі.

Сонымен қатар, «Қазақтуризм» ұлттық компаниясы соңғы жылдары демалыстарын еліміздің курорттықорындарында өткізетін тұрғындар саны артқанын және ішкі туризмнің қарқыналғандығын растап отыр.

Ұлттық экономикаминистрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2018 жылы 4,7 млнтурист отандық қонақүй қызметтерін пайдаланған. Бұл тұрғыда жылына 7% көрсеткішкөлемінде өсім байқалады.

«Қазақ туризм» ұлттықкомпаниясының мәліметі бойынша, жаз уақытында ел тұрғындарының басым көпшілігіАлакөл, Балқаш көлдері, Каспий теңізі жағалауларында, Бурабай курорттықаймағында демалады. Статистика бойынша, өткен жылы еліміздің курорттықаймақтарында 1 млн-нан астам қазақстандық демалыстарын өткізген.

Ал тарихи-мәденижәне діни туризм Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында белсенді дамыпкеледі. Бүгінде жастар арасында жаяу сапарлар, альпинистік спорт, тарихитұлғалар өмір сүрген мекендер және діни ғибадат ету жерлеріне арналған турлартанымал.

«Бұған қоса,демалыс күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында арнайы саяхат турларыұйымдастырылады. Олар еліміздің ұлттық табиғи парктері мен ерекше қорғалатынтабиғи аумақтарында өткізіледі. Статистикалық мәліметтер бойынша, 2018 жылыұлттық парктерге барушылар саны 1 234 362 адамды құрады», - деп «Қазақ туризм» ұлттықкомпаниясы ішкі туризмнің өсім динамикасы байқалғандығын мәлімдеді.