«Хапоэль» -«Қайрат» ойынының Беэр-Шевадан (Израиль) тікелейкөрсетілімін «Qazsport» телеарнасы ұйымдастырады. Ол Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:20-дабасталады.
Командалар қарымта матчты 1 тамыз күні Алматыдаөткізеді.
Еске салакетейік, «Қайрат» Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына шыққан жағдайда «Норрчепинг»(Швеция)/ «Лиепая» (Латвия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Алматылықтар біріншікезеңде екі мәртебосниялық «Широки Бриег» командасын жеңген болатын (2:1, 2:1).
Фото: vk.com/fckairat