«Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының халқын иммундау жөніндегі консультациялық комиссиямен бірге халықты қайта вакциналаудың тәсілдерін пысықтады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау шарасының толық курсын өткеннен соң,6-9 айдан кейін қосымша дозасын егу ұсынылады, - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Оның айтуынша:
- векторлы (Спутник V) вакцина алған тұлғаларға 9 айдан кейін инактивті вакцина ( Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) егу;
- инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцина алғандарға 6 айдан кейін векторлы екпе ( Спутник V) салу ;
- «мРНК-вакцина» (Pfizer – ред.) алған тұлғаларға 6 айдан кейін инактивті ( Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлы ( Спутник V) екпе салу жоспарланған.
«Сондай-ақ, бірізді екпе түрін салу арқылы қайта вакциналануға жол беріледі», - деп нақтылады министр.