Қазақстандықтар кезекті күн тұтылу құбылысына куә болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін қазақстандықтар ішінара күн тұтылу құбылысына куә болды. Күн тұтылу көрінісі еліміздің бүкіл өңірінде байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күн тұтылу құбылысының ең ұзақ фазасы Астанада тіркелді. Сағат 16.06-да басталып, сағат 17.17-ге дейін жалғасты. Куәгерлердің айтуынша, күннің беті 83%-ға дейін көлегейленген.

В.Г.Фесенкова атындағы астрофизика институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары бұл жолғы күн тұтылуда Ай Күннің бетін 60-80% көлегейлетінін айтқан еді. Мұндай құбылыс, 2004 жылдың 14 қазанында тіркелген көрінеді. Астрономияда «сарос» деп аталатын құбылыс ендігі жолы 2040 жылдың 4 қарашасында қайталануы мүмкін.

Әуесқой астроном, Астанадағы Астрономия мектебінің негізін қалаушы Артур Гайдуктың айтуынша, Қазақстанда аспан әлемінің мұндай құбылыстарына әуес адамдар баршылық.

Әуесқой астрономның күннің тұтылуын тікелей көзбен қарауға болмайтынын ескертеді.

Айтуынша, мұндай кезде күнге оптикалық құрылғылардың көмегімен де, күннен қорғайтын қарапайым көзілдірікпен де, рентген құралдарының көмегімен де, қараңғыланған әйнекпен де қарауға болмайды. Өйткені бұл заттар көзге көрінбейді, түрлі күн сәулелерінен адам көзін қорғай алмайды.