Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 13 млрд теңге қарыз

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың коммуналдық қызметтерге қарызы 13 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда коммуналдық қызметтер бойынша жалпы қарыз 13 миллиард теңге болды. Бұл тәртіпті, қызметтер ақысын жинауды жақсарту, қызметтер сапасын арттыру қажет екенін көрсетеді», - деді «Қазақстан ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ өкілі Мейіржан Майкенов Kazakhstan urban forum аясында.

Сонымен қатар, М. Майкенов сауалнама нәтижесіне қарағанда, қазақстандықтардың небәрі үш пайызы ПИК-тердің қызметіне көңілі толатынын айтты.