Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн демалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Конституция күніне орай 30-31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс күндері болмақ.

«Мерекелер туралы» ҚР Заңына сәйкес демалыс пен мерекелі күндер тұспа-тұс келсе, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болмақ. Биылғы жылы Конституция күні 30 тамызда, сенбі күні аталып өтіледі.

ҚР Конституциясы күні - мемлекеттік мереке, сондықтан да заңнамаға сәйкес мерекелі күн болып есептеледі. Мерекелі күндер жұмыс жасамайтын күн болып саналады.