«Қазір біз өмір сүріп жатқан заман - өзгерістер заманы. Қоғам, саяси жағдай, сандық технология, коммуникациялық мүмкіндіктер, тіпті, өркениеттің өзі көз алдымызда өте тез дамып, өзгеріп жатыр. Тек адамның ойлау қабілеті, сүю қабілеті, армандау қабілеті ғана өзгеріссіз қалады. Егер де адамды армандау қабілетінен айыратын болсақ, мәдениет, өнер, ғылым мен жарқын болашаққа деген талпынысын айырамыз. Міне, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласы бүкіл қазақстандықтардың арманын мазмұндап тұрғандай. Еліміздің бұл мақсаты - жалындаған жастықтың арманы емес, бұл өте тәжірибелі саясаткер, мемлекеттің басқарушысы, дана, жүрген жолы ұзақ адамның арманы, бүкіл елдің арманы», - дейді өнер иесі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың мақаласына орай, ой білдіре отырып.
А.Мұсақожаева өз сөзінде Президенттің бұл мақаласына қолдау білдіретінін атай келе, бұл арман Қазақстанды бай-қуатты елге айналдыратынын сенім білдірді. «Қазақ халқы бұл арманға да жетеді. Бүгінде ата-бабаның азаттық туралы арманы орындалды, қазақстандықтар енді күш-жігерін жаңа арманның орындалуына жұмсауы керек»,-деп атап өтті А.Мұсақожаева.
«Қазақстандық арманның мәні - ХХІ ғасырдағы көшбасшы отыз ұлттың қатарына қосылу. Бұл арманға біз тек нақты әрі ауқымды реформалар арқылы, Қазақстандағы экономиканың нақты жетістіктері арқылы, ұлттың әл-ауқатын көтеру арқылы жетеміз»,-деді сөзін қорытындылай отырып А.Мұсақожаева.