Акция талабы бойынша жұма, 10 ақпан күні қатысушылар үйінен велосипедпен жұмысқа баруы керек болатын. Акцияға Алматы, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда қалаларынан азаматтар қатысты. Шараның тағы бір шарты бойынша акцияға қатысушылар велосипедпен жұмысқа бара жатқан суреттерін әлеуметтік желілерде жариялауы тиіс болды.
Ацияға қатысушылар осылай, экологиялық тазалықты сақтау үшін зиянсыз көлікпен қатынауды насихаттамақ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға қатысуға өтініш білдіргендер саны жағынан Қазақстан әлем қалалары бойынша үздік жиырмалыққа кіріп, 15-ші орыннан көрінді. Ал Алматы қаласы виртуалды «мадақ тақтасына» ілінді.
Ұйымдастырушы Асқар Тулеев 11 ақпан күні қатысушылар туралы суреттер жинақталып, әлеуметтік желілерде #winterbiketowork #wbtw2017kz хештегі бойынша жарияланатындығын атап өтті.