Қазақстандықтар #latyn хэштегімен əліпбиге қатысты ұсыныстарын бере алады

Фото: None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазконтент» акционерік қоғамының басқарма төрағасы Евгений Кочетов фейсбуктегі парақшасында ел тұрғындарының #latyn хэштегімен əліпбиге қатысты ұсыныстарын беруге болатындығы туралы хабарлады.

Басқарма төрағасы осы уақытта кез келген қазақстандықтың қазақ әліпбиі жобасы туралы өз ұсыныстары мен пікірлерін ашық қалдыруына мүмкіндік бар екендігін айтады. Ал, талқылау нәтижелері барынша шынайы болуы үшін ол барлық қазақстандықтарды осы жобаға белсенді қатысуға шақырды.

«Қазіргі ұсынылып отырған әлібидің жобасына қатысты ұсыныстарыңызды #latyn хэштегі арқылы жеке парақшаңызда жариялай беруіңізге болады. Кейін осы хэштег арқылы барлық ұсыныстар жинақталып, арнайы құрылған жұмыс тобы мүшелері мен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы бірлесіп, туындаған сұрақтар бойынша нақты кең түсініктеме береді»,-деп жазды ол.

Сондай-ақ ол ертеңнен бастап әліпби жобасы туралы жолданып отырған ұсыныстар бойынша, Рухани жаңғыру сайтында кері байланыс формасы әрекет ететіндігін, порталда барлық ұсыныстар шоғырландырылып, жұмыс барысында ескерілетіндігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар