Қазақстандықтар Лондон Сити-мэрінің шеруіне қатысты
Көшпенді-батырлар образындағы жігіттер мен жастардан құралған джаз-бэнд мыңдаған көрерменнің алдында көк туымызды желбіретіп, өнер көрсетті.
«Мен өте ерекше әсер алдым. Батырларыңыз бейнесі ерекше. Маған олардың киім-кешектері мен қарулары ұнайды. Өте әсерлі көрінеді. Мен Қазақстанға барып, ол жақты көрсем деймін», дейді лондондық Марк Берд.
Шеру банктер мен бизнесмендердің кеңселері көп шоғырланған Сити ауданында өтті. Жиналған көпшілік Қазақстанның көрікті жерлері мен оның инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттарды көліктегі экран арқылы ала алды.
Айта кетсек, шеру 800 жылдан астам уақыттан бері лондондық Сити жаңа Лорд-мэрінің сайлануы құрметіне өткізіліп келеді. Ол қала мэрі Садик Хандыкінен бөлек лауазым. Биылғы 692-ші Лорд-мэрдің есімі - Уильям Рассел. Лондондық Сити корпорациясының басшысы ретінде ол британиялық бизнес пен қаржы секторының жаһандық елшісі қызметін атқармақ.