Қазақстандықтар Лондондағы сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда жүрген Қазақстан азаматтары Лондондағы ҚР Елшілігінде орналасқан №194 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр.

20 наурызда Гринвич уақытымен таңғы сағат 7.00-де Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №194 учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады.

Әдеттегідей, таңертең Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды.

Біріккен Корольдік аумағында тұрып жатқан сайлаушылардың басым бөлігі Ұлыбритания ЖОО-ларында білім алып жатқан студенттер, соның ішінде «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаттары, деп атап өтті ҚР Елшілігінде.

Дауыс берген соң қазақстандықтарға сайлау мен Наурыз мерекесі қарсаңында арнайы дайындалған ұлттық тағамнан дәм тату ұсынылғаны аталып өтілді.