«Сектордағы қаражаттың төрттен бірі елордаға тиесілі. Өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы негізгі капиталға бөлінген инвестиция 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында рекордтық 118,9 млрд теңгеге жетті. Ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,5%-ға артық (НКИ – 147,9%). Негізгі капиталдағы барлық инвестициядан сектор инвестициясының үлесі бір жыл ішінде 0,9%-дан 1,2%-ға өсті», - делінген хабарламада.
Жалпы 2018 жылы демалыс пен ойын-сауыққа бөлінген инвестиция көлемі 104,2 млрд теңгені құрады, ол 2017 жылмен салыстырғанда 38,7%-ға көп.
Аймақтар арасында сектордағы негізгі капиталға бөлінген инвестицияның ең көп бөлігі Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі, яғни 29,3 млрд теңге ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір жарым есеге көп.
Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы: 21,7 млрд теңге – 2018 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 27%-ға артық. Үздік үштікті Алматы облысы түйіндейді- 19 млрд теңге, жылдық өсім – 27,2%.