Қазақстан халқының Бірлігі күні - 1 мамыр жексенбі күнге сәйкес келіп тұр, сондықтан демалыс дүйсенбі, 2 мамырға шегеріледі.
Осылайша, 1-2 мамыр, яғни, жексенбі және дүйсенбі күндері демалыспен өтеді. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні де мемлекеттік мереке және биыл 7 мамыр аптаның сенбісіне дәл келген. Ал, бір күннен кейін, 9 мамыр(аптаның дүйсенбісі) - Жеңіс күні келеді.
Сондықтан, 7,8,9,10 мамыр қатарынан төрт күн демалыс болады. 1,2 мамырдың демалыстарын қосқанда, 10 мамырға дейін алты күн демалыс жарияланып отыр.
Ал, қалған алты күн сенбі-жексенбінің еншісінде. Барлығын қосқанда, мамыр айында 12 күн демалыс болып отыр.
19:26, 19 Сәуір 2016
Қазақстандықтар мамырда 12 күн демалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар мамыр айында мемлекеттік мерекелер мен сенбі-жексенбі күндерін қосқанда, 12 күн демалады. Мереке күндері туралы ресми ақпаратты egov.kz сайтынан табуға болады.