Мұндай ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен бүгін өзімнің азаматтық парызымды орындауға келдім. Дәл қазіргі сәтте Отанымнан жырақта жүрмін. Мәскеуде оқыдым, қазір осында жұмыс істеймін. Өтіп жатқан Мәжіліс сайлауы Қазақстанның одан әрі дамуын айқындайды. Отанымыздың болашағы берілген әрбір дауысқа байланысты. Сондықтан барша қазақстандықтарды бүгін сайлауға келіп, дауыс беруге шақырамын», - деді Мәскеуде бірінші болып дауыс берген азамат Әділ Сариев.