Қазақстандықтар Мемлекет басшысының қамқорлығын сезінуі тиіс - ҚР Премьер-Министрі
15:50, 09 Шілде 2010
ҚОСТАНАЙ: Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстандықтар Мемлекет басшысының қамқорлығын сезінуі тиіс. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұма, шілденің 9-ында Қостанай қаласындағы әйелдер босанатын үйге бас сұққанда мәлім етті.
ҚР Үкіметінің басшысы хабарлағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жақын арада республикамызда теміржол пойыздары, «КамАЗ» автокөліктері мен тікұшақтар базасында ауруханалардан жырақта орналасқан ауылдарға медициналық көмек көрсету үшін жылжымалы дәрігерлік бекеттер құрылатын болады.
«Бұның барлығы біздің азаматтарымыздың толық қамқорлықты сезінуі үшін жасалуда. Бұл - Елбасының тапсырмасы, біз оны бірлесе жүзеге асырамыз», - деді К.Мәсімов.