Қазақстандықтар Мемлекет басшысының виртуалды қабылдауына өтініш қалдыра алады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақорда сайтында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың виртуалды қабылдауы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметтіоқырмандарым!

Менің парақшама мыңдаған оқырман пікірлерін жазып, сауалдарын жолдап жатады.Олардың ішінде жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін күрделі мәселелер дебар. Әркім өз сұрағына жауап алып, пікірінің ескерілгенін қалайды. Алайда,барлық өтініштерге осы парақша арқылы жауап беру мүмкін емес екенін өздеріңізде жақсы түсінесіздер.
Қоғаммен пікір алмасуды жолға қою, әрбір азаматтың сұрауын қанағаттандыру,мұқтаж жандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында www.akorda.kz сайтындаменің Виртуалды қабылдауым ашылды. Қазірдің өзінде Виртуалды қабылдауғакөптеген хаттар келіп түсуде. Республика азаматтарының жеке немесе қоғамдықсипаттағы түрлі мәселелері бойынша өтініштері қаралады. Әр хат ресми тіркеледі,оны өзім де қараймын және Әкімшілік қызметкерлері де қарастырады.
Бұл - еліміздің әрбір азаматы ресми түрде сұрау салуға мүмкіндік беретін, заңдыкүші бар виртуалды қабылдау», деп жазды Мемлекет басшысы Instagram-дағыпарақшасында.

Соңғы жаңалықтар